Русский Сайттың толық нұсқасы

Марқұм болған жан 4 адамның өмірін құтқарды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1435

Өзі қайтыс болғанымен, 4 адамның өмірін құтқарды. Петропавлдағы ауруханалардың біріне басынан жарақат алған 40 жастағы науқас жеткізілген. Бірнеше күн ес-түссіз жатқан оның миы 10 маусымда өледі. Туыстары марқұмның ішкі ағзаларын трансплантациялауға рұқсат берген соң жүрегі, екі бүйрегі, бауыры және ұйқы безі алынды.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарға сай,{бұл астаналық 4 науқасқа жаңа өмір есігін ашуға мүмкіндік берді. Ағзалар тікұшақпен жеткізіліп, екі бүйрегі 2 науқасқа, жүрегі 1 адамға және бауыры 1 науқасқа сәтті салынды. Жүрек трансплантациясын атақты кардиохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя жасады. Ал, бауыр мен бүйректі алмастыру отасын профессор Жақсылық Досқалиев атқарды.

Айта кетейік, ақпан айынан бері Денсаулық сақтау министрлігі 9 облыс орталығында Республикалық трансплантология бойынша үйлестіру орталығының өкілдіктерін ашты. Олар әлеуетті донорлардың ағзасын алуға бағытталған жұмыстарды бастап кетті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА