Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық азаматтардың Украинадағы келеңсіздіктерге қатысқандығы туралы ақпар шындыққа жанаспайды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 1308

Қазақстандық азаматтардың Украинадағы келеңсіздіктерге қатысқандығы туралы ақпар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. 

Ержан Ашықбаев, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары:

Дәл қазір әлдеқандай ақпарат жоқ қолымызда. Қазақстандықтар Украинадағы оқиғаға қатысып жүр деген сыбыс жалған. Кезінде Кавказдағы шиеленіске біздің азаматтар қатысты деген әңгімелер жүретін. Жиі болады ондай. Бірақ көп жағдайда мұндай ақпар расталмайды. Әңгіме Қазақстанда туылып, өз отанына оралған, сол елдің азаматтары туралы болуы мүмкін.

Ведомство өкілдері журналистермен орталық коммуникациялар қызметінде жүздесті. Жиынның басты тақырыбы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің төртінші саммиті жайында өрбіді.

Еске салайық, форум Шанхайда өткен болатын. Ержан Ашықбаевтың айтуынша, форум өте жоғары деңгейде өтті. Мәселен кеңес қатарына Бангладеш пен Қатар елдері мүшелікке кірді. Сондай-ақ ұйым хатшылығы жаз аяғында Алматыдан Астанаға көшетіндігі белгілі болды.

Жұрағат БАМАН