Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ның қорытындысын ресми түрде жария етті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 1676

Бүгін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ның қорытындысын ресми түрде жария етті. Министр биылғы тестілеудің былтырғыға қарағанда жоғары деңгейде өткендігін айтты.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР білім және ғылым министрі:

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 2014-ші жылы ҰБТ-ға қатысқандар саны 87 мың,100 баллдан жоғары жинағандар 13 мыңнан асаты. Бұл - тест тапсырғандардың 15 пайызы. Бұл 2013 жылмен салыстығанда 3 пайызға өскен. Ал 125 баллды 4 оқушы жинады.

Республика бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен Алматы мен Астана қалалары. «Алтын белгіге» үміткерлердің 42 пайызы білімдерін ақтап шықса, шекті 50 баллдан төменгі көрсеткішке жеткендер саны 20 мыңнан асқан. «Тест тапсырушылардың басым бөлігі физика мен биология пәндерін таңдады. Бұл техникалық мамандықтарға деген сұраныстың жоғары болатынын көрсетеді», - деді министр. Сондай-ақ аппеляцияға берілген 400 өтініштің 87-сі қанағаттандырылған. Аслан Сәрінжіпов Петропавлдық түлекке қатысты да түсінік берді.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР білім және ғылым министрі:

Негізі өтірік айту жақсы емес, бірақ қатеңді түсініп, кешірім сұрау оңды іс дер едім. Яғни кешірім сұраудың өзі ерлік. Бірақ мұндай жағдайдың орын алуы менің баспасөз қызметімнің асыра сілтеуінен болған жәйт деп бағалаймын. Жалпы мұндай жағдайда балаларға психологиялық қысым жасау дұрыс емес.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, биыл 34 мың білім гранты бөлінеді. Сондай-ақ министр 2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа мазмұны эксперимент түрінде басталады, сынақ мерзімі бір жылды қамтиды деді. Сынаққа 30 мектеп қатыспақ.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ