Русский Сайттың толық нұсқасы

Германия Португалия құрамасын ойсырата ұтты

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2014
  • 1633

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы тең ойын тіркелді. Нигерия құрамасы Иран командасымен кездескен. Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына нәтижесіз шабуылдар жасаумен болды. Ақыры командалар бiрде-бiр гол сала алмай, тең тарқасты. Есесіне, Германия құрамасы Португалияны ойсырата жеңді. Бiрiншi таймның 12-минутында Португалия ойыншысы Перейра Гетценi шалып жыққан.

Айып добын соққан Томас Мюллер есеп ашты. Жиырма минуттан кейн Хуммелс есептi еселесе, 46-минутта Мюллер есептi 3:0-ге жеткiздi. Екiншi таймда да португалдар немiстердің қарқынына төтеп бере алмай сан соқты. 78-минутта Томас Мюллер тағы бiр голын соқты. Осыдан соң Криштиано Роналду бастаған команданың немiс машинасына қарсы ешқандай қауқар көрсете алмайтыны белгілі болған еді. Есеп 4:0.

Келесi ойынды Германия Ганаға қарсы өткiзедi. Германия канцлерi Ангела Меркель құраманы жеңiсiмен құттықтады. Топтық кезеңде Гана мен АҚШ құрамалары да кездесті. АҚШ командасының капитаны Клинт Дэмпси ойынның 29-секундында гол соқты. Бұл әлемдiк доп додасында соғылған ең жылдам гол болып отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА