Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Қорғаныс министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2014
  • 1069

Мемлекет басшысы еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. Жүздесу барысында Қорғаныс министрі Елбасына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады.

Өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің басымдығы бар міндеттері, яғни, қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін жүзеге асыруды жалғастыру керектігін атап өтті. Қорғаныс министрі әскерді әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты. Кездесу қортындысында Мемлекет басшысы министрге бірқатар тапсырмалар берді.

Жұрағат БАМАН