Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем чемпионатының футболдан 19 маусымның қорытындылары

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1107

Футболдан Англия құрамасы тағы да ұтылды. Әлем чемпионатының кезекті жарыс күні Уругвай командасымен сынға түскен Рой Ходжсонның шәкірттері 2:1 есебімен есе жіберді. Бұл ойындағы алғашқы голды шабуылшы Луис Суарес соқты. Үзілістен кейін қарымта шабуылға шыққан ағылшындар Уейн Рунидің көмегімен таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тұманды Альбион елінің футболшыларының қуанышы көпке созылмады. Кездесудің аяқталуына 5 минут қалғанда сол тағы Суарес дубльдің авторы атанып, команда қоржынына үш ұпайды салып берді.

Ал әлем чемпионатында осымен қатарынан екінші ойында ұпайсыз қалған Англия құрамасы турнир кестесінің көш соңына түсіп қалды. «Д» тобындағы соңғы кездесуін Рой Ходжсонның тәлімгерлері енді Коста-Рика командасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ, Колумбия құрамасы әзірге сүрінбей келеді. Бірінші кездесуде Жапония футболшыларының алдын орап кеткен Хосе Нестер Покерманның шәкірттері 2-ші турда Кот-д Ивуар командасын жеңіп, келесі айналым мәселесін алдын ала шешіп тастады. Бұл топтағы келесі ойында Жапония және Грекия құрамалары жеңімпазды анықтай алмады. Есеп 1:1.

Самат ҚАНАҒАТОВ