Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ашық студия» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» өкілдері келеді

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2014
  • 1207

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарайтын 106 компания түрлі үлесін жеке секторға сатуға дайын. Оның ішінде 101 актив аукцион, тендер бойынша сатылса, қалған 5 компанияның құнды қағаздары халықтық IPO бағдарламасы бойынша нарыққа шығады. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржы директоры, басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

Ендігі кезекте, активтерді шығару жұмысы әзір болғанымен, оларды сатып алатын кәсіпкерлер дайын ба деген сұрақ туындайды.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» АҚ» ҰАҚ қаржы директоры, басқарма мүшесі:

Басты мақсат - осы жекешелендіру бағдарламасында біріншіден, жеке сектордың үлесін арттыру. Екіншіден
, қордың және оның компанияларының тиімділігін арттыру. Өткен жылдары бірнеше активтерді сату жоспарымызда болды. Бірақ, кейбір активтерді сатқан кезде тендер жариялаған соң ешкім келмейді, сондықтан үмітіміз бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ