Астана күнін мерекелеуге шаһар
билігі 700 млн теңге бөлді. Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат
Мажағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осылай
деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол әкімдіктің жыл
сайын елорда күнін мерекелеу шығынын оңтайландырып отыратынын жеткізді. Іс-шараларды
өзін-өзі ақтайтындай етіп өткіземіз. Егер Қала күніне арналған түрлі шаралар
коммерциялық болса және қала қонақтары мен тұрғындар үшін тартымды болса, тегін
алаңдар ұсынамыз, - дейді Болат Мажағұлов. Мұнан бөлек, әртістер үшін жалдау
ақысыз концерт залдары берілетінін жасырмады.
Айта кетейік, Қазақстанның бас
қаласы Астананың туған күні мемлекеттік мереке ретінде 6 шілде күні атап
өтіледі.
Болат Тілепов, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының
басшысы:
Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатысуға
мүмкіндік беретін түрлі шаралар қарастырылмақ. Жалпы, барлығы 70-ке жуық шараларды өткізу жоспарлануда. Оның
ішінде басты назар қала көшелері мен алаңдарында. Саябақтар мен гүлзарларда
өтетін шараларға аударылып отыр. Бұлай болудың себебі - біздің жүргізген
сауалнама бойынша осындай бұқаралық мәндегі жалпы халықтық шаралар ел көңілінен
шығатын шаралар болып табылады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА