Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде автобус ішінде жас жігіт әйел адамға қол көтерді

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2014
  • 968

Әлеуметтік желіге автобуста болған жаға ұстатарлық бейнетүсірілім түсті. Кадрларда бәзбіреу қоғамдық көлікте әйелді өлімші қылып сабап жатыр.

Ғаламтор пайдаланушысы мына түсірілімді өз әлеуметтік парақшасына «Нағыз еркек әйелге қарсы» деп атау қойып, салып қойған. Автордың айтуы бойынша, бассыздық Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік ішінде тапа-тал түсте болған. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан жап-жас жігіт әйел азаматқа қол көтеріп, қорлап жатыр. Белгілі болғандай, көгала қойдай сабалған әйел автобус кондукторы екен.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ақтөбе қалалық ішкі істер бөліміне №25 қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейтін 30 жастағы әйел келіп шағым жасады. Айтуынша, 16:45-те автобусқа белгісіз бір жігіт кіріп, оны сабаған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні жедел ізге түскен құзырлы орган мамандары 28 жасар Алға қаласының тұрғынын ұстады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА