Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 37 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2014
  • 1125

Кеше түнде еліміздің барлық аймақтарында мектеп бітіруші түлектерге арналған кеш өтті. Орталық алаңдарда алаулатып жалаулатып, «Алтын белгі» табыстау рәсімдері болды. Өскеменде 37 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

Былтыр Шығыс Қазақстан облысы бойынша 98 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, биыл олардың қатары 146-ға жеткен. Бұл, облыстағы білім саласының көтеріліп келе жатқандығының дәлелі. 2 түлек бірыңғай ұлттық тестілеуде 124 балл жиып көзге түсті.

Айна Бақытбекова, «Алтын белгі» иегері:

Өте қуаныштымын. Толқып тұрмын. Бүгінгі күнге жету үшін ұзақ еңбек еттім. Астанаға
оқуға түскім келеді енді.

Қанат ОРАЛБЕК