Ескіден қалған есті сөз ескерусіз
қалып келеді. Егемендік алғалы бері атадан балаға жалғасқан халық мұрасын
зерттеу жұмыстары, Кеңес дәуірінде атқарылған істердің 20%-на да жетпейді.
Халық қазынасын жинау ісі осыдан 90
жыл бұрын Орынбор қаласында қазақ ғалымдарының бірінші съезінде бастау алған
еді. Сол жиында ғалымдар қазақ халқының
фольклорын жинау және зерттеу туралы қаулы қабылдады. Осыдан соң қазақ
фольклоры ғылыми жолға түскенімен, «діни, ұлтшылдық көзқарасы бар» деген
желеумен фольклорлық аңыз-әңгімелердің жартысынан көбі зерттеуге, жариялануға
тиым салынды.
Бүгінде халық фольклорын жинап,
зерттеп жүрген оралдық ғалымдар мен аға буын өкілдері алғаш рет бас қосып, осы
мәселені талқылады. Олар бұл игі істі одан әрі
дамыту үшін арнайы қоғам құрылып, атқарылар жұмыстар жайы жоспарлануы
керектігін жеткізді.
Абат Қыдыршаев, академик:
Осы жиналған дүние олардің ғылыми сарапқа салынуы әлі де кемшін. Мұрағаттарда
шаң-шаң болып жатты, пәпкелерде сіресіп жатты. Енді
жинақ болып шықты, енді қарапайым халықтың мектеп шәкіртінің, жоғары оқу орны
студентінің қолына жетуі керек. Бұл әлі жете қойған жоқ.
Еркін ҚАРИН