Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент Имамы: Ораза тұтуға жағдайы келмегендердің күніне мың теңге садақа төлеуіне болады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2014
  • 2020

Отыз күн ауыз бекітіп, Ораза ұстауға қауқарсыз жандар «фидия» беруіне болады. Яғни, денсаулығы жоқ адамдар күнбе-күн садақа беріп, парыз өтеуіне мүмкіндік бар. Биылға белгіленген «фидия» көлемі мың тенге. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдері арнайы баспасөз жиынында айтты.

Имамдардың айтуынша, «фидия» жайында Құран Кәрімде былай жазылған: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса, бір міскіннің бір күнде ішетін тамағын беріп тұрсын. Ал, кімде-кім белгіленген мөлшерден артық беріп, қайыр жасаса, ол өзіне жақсы болады. Егер біле білсеңдер, Ораза ұстауларың сендер үшін қайырлы».

Дін өкілдері бірінші кезекте денсаулығына байланысты, яғни, дәрігерлердің «күн ұзағына аш жүруге қарсы болған жағдайда», Ораза ұстамауына рұқсат дейді. Оның орнына бір мың теңгеден есептей отырып, отыз күнге отыз мың теңге садақа беруіне болады деді.

Бейбіт Мырзагелдиев, Оңтүстік Қазақстан облысының бас имамы:

Оған жұмыс, азаннан кешке дейінгі қызмет жатпайды. Азаннан кешке дейінгі жұмыс үшін мың теңгеден беріп, отыз күнге 30 мың теңге фидия беру арқылы ол Ораза тұтқан болып есептелінбейді. Бұл жерде тек қана есептелінетін екі топтағы ғана. Біріншісі
- кәрілік. Ол кәріліктің де өзінің жас ерекшелігі бар. Біз діни басқармаға ұсыныс бергелі отырмыз, осының кәріліктің санатын белгілеп берсе деп, пәтуа шығарып.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы шіліңгір шілдеге тура келіп тұр. Бұдан бөлек, әр аймақта ауыз бекіту ұзақтығы да әр қилы. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жамағат 17 сағат 40 минут бойына ауыз бекітетін болса, Астана жұрты он тоғыз сағат нәр татудан тиылмақ. Ал, алматылықтар ішім-жемді он жеті сағат жиырма минутқа тыйады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ