Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан-корей бизнес форумының жұмысына екі елдің басшылары қатысты

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2014
  • 1090

Корея президенті Пак Кын Хенің Қазақтанға мемлекеттік сапары барысында "Балхаш жылу электр стансасына" қатысты ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды. «KEGOC»-тың басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және «Балқаш ЖЭС» басқарма төрағасы Сук Вон Ким жаңадан іске қосылатын қондырғыларды әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған ұзақ мерзімді шартқа қол қойды.

Қазақстан-корей бизнес форумының жұмысына екі елдің басшылары қатысты. Электр станциясының алғашқы модулі 2018 жылы іске қосылады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 4,5 миллиард теңге. Форум аясында "Астана" арнасына сұхбат берген «Самұрық-энерго»-ның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев ұзақ мерзімді келісім жайын тарқатып айтты. Аталған келісім 20 жылдан астам уақытқа жоспарланған. Және Кореяның инвестициясын толық қайтаруға шақталып отыр дейді.

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Станция іске қосылғанда, «KEGOC» тиісті аттестациясын өткізеді. Кейін ол қуатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алады. Бұл бір жағынан кепіл болып отыр. Жалпы келісім 20 жыл 6 ай уақыт аралығында күшінде болады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА