Русский Сайттың толық нұсқасы

«KazEOSat-2» орбитаға сәтті ұшырылды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 2552

Қазақстан жер орбитасына тағы бір қашықтан зондтау аппаратын аттандырды.

Бүгін Астана уақытымен 1 сағат 11 минутта Ресейдің «Ясный» базасынан «Днепр» зымыран-тасығышы ұшырылды. Онымен орбитаға жөнелтілген 33 аппараттың құрамында Қазақстанның «KazEOSat-2» ғарыш аппараты да бар. Ұшырылымның 958-ші секундында қазақстандық спутниктің бөлінуі тіркеліп, орбитаға сәтті жеткізілгені хабарланды. Бұл Қазақстанның ғарыш саласындағы серпінді қадамы деп бағалануда.

Осы арқылы бiздiң ел жердi қашықтықтан зондтаудың толыққанды ғарыш жүйесiне қол жеткiздi. Бұл ғарыш аппараты Қазақстанның барлық аумағының суретін бір сәтте ғарыштан алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жер бетінің кез келген жеріндегі апаттар туралы мәліметтер бере алады. Осы арқылы болуы мүмкін табиғи апаттардың алдын алуға болады. Жер кадастры мен елдің қауіпсіздігі үшін де аса қажет.

Илхам ИБРАГИМ