Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Корея Президенті Елбасымен бірге «Астана опера» театрында концерт тамашалады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1012

Қазақстанда ресми сапарымен жүрген Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге "Астана опера" театрында концерт тамашалады.

Пак Кын Хе президент қызметіне кіріскелі бері қазақ еліне алғаш келіп отыр. Мәртебелі мейман жоғарғы деңгейде ресми кездесулер өткізіп, өз елі Қазақстанмен түрлі сала бойынша әріптестікті бекемдеуге ниетті екенін де мәлімдеді. Бұл, алдымен, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға ат салысу, баламалы энергия көздерін енгізуде қолдау көрсету. Құрылыс, көлік құрастыру, экология және ауылшаруашылығы саласы да басты назарда.

Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі - Қазақстан мен Оңтүстік Корея республикасы арасында визасыз режим енгізу бойынша келіссөздер жүргізілмек.

Самат ҚАНАҒАТОВ