Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылы бюджет қаржысы игерілмеуі салдарынан 11 аурухана, 9 мектеп пен 5 балабақша салынбай қалған

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1128

Өткен жылы бюджет қаржысы толық игерілмеуі салдарынан 11 аурухана, 9 мектеп пен 5 балабақша салынбай қалған. Десе де Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті.

Бұдан бөлек білім нысандарын салу мен жаңғырту бағдарламасы бойынша 2,5 миллиардқа жуық теңге мақсатты жұмсалмаған. Ауыл шаруашылығы бойынша аудандарда салынуы тиіс 53 зертхана жұмысы да уақытылы аяқталмады.

Былтыр 43 млрд теңге қаржы игерілмей қалғаны елдің есінде. Бұл сома бюджетке кері қайтады. Ол сметалық құжаттардың ескіруіне, құрылыстың тұралап қалуына соқтырады. "Салдарынан кейбір әлеуметтік, инвестициялық жобалар қымбаттап кетеді", - дейді депутаттар. 

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұл жерде негізгі кемшіліктер облыстың атқарушы органдарында. Облыс әкімдерінде. Мысалы, аяқталмай қалған мектептердің үшеуі Шығыс Қазақстан облысында болып отыр. Бюджеттің игерілуіне мен төрт деген баға қояр едім, беске жетпейді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ