Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ гуманитарлық заң университетінің төрағасы Мақсұт Нәрікбаев 74 жасында парашютпен секірді

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 2687

Астана күніне айрықша тарту. Қазақ гуманитарлық заң университетінің төрағасы Мақсұт Нәрікбаев 74 жасында парашютпен секірді. Бұл қадамын ол «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы мен G-Global бағдарламасына арнады.

Астана күні қарсаңында ол Дубай қаласына барып, 4 мың шақырым биіктіктен секірген. Алғашқы парашютпен секіруім кезінде қасымда екі шәкіртім болды дейді. Осылайша Ержігіт Сейділдаев пен Бағлан Калмырза да Елбасының "Қазақстан-2050 стратегиясын" және G-Global бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Мақсұт Нәрікбаев, «ҚазГЗУ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

Аспанға секіруімізді Қазақстан-2050 "Мәңгілік ел" және G-global бағдарламасына бағыштаймыз. Бүкіл Қазақстан халқы болып, әсіресе жастарымыз осы "Мәңгілік ел" стартегиясын асыруға күш салуымыз керек деп ойлаймын. Егер адам өзінің осы қажет етіп, алдына мақсат қойса, кез-келген нәрсені орындауға болады. 

Мақсұт Нәрікбаев, «ҚазГЗУ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

Міне, бұл секіруімізді де аяқтадық. Бәрі де тамаша. Көңіл-күй мықты. Меніңше, Қазақстанымыздың-2050 "Мәңгілік ел" және G-Global-дың өзі барлығы да іске асады деп ойлаймын.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА