Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтон тұрғындарына қаруды емін-еркін ұстауға рұқсат берілді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2016
  • 1321

Вашингтон тұрғындарына қару-жарақ ұстауға рұқсат берілді. Енді олар суық қару ұстаудағы мақсатын да түсіндіріп әлек болмайды. France Press агенттігі хабарлағандай, АҚШ астанасының федералды соты заңдағы түсінік беру нормасын алып тастады. Бұған дейін тұрғындар қоғамдық орындарға не үшін қарумен келгенін полицияға түсіндіруге тиіс болатын.

Қару-жарақ мәселесі АҚШ-тағы саяси ортада ең көп талқыланатын тақырып. Әсіресе мектептердегі жаппай атыстардан кейін. Мысалы, Сэнди Хук қаласында жоғарғы сынып оқушысы 28 баланы атып тастаған.  

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ