Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жетім балалар арасында футболдан жарыс өтті

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1136

Алматыда жетім балалар арасында футболдан жарыс өтті. Ақтық ойында Алматы облысының аяқдопшылары қарсыластарын қапы қалдырып, Италия еліне бару жолдамасын жеңіп алды. Олар финалдық кездесуде Жамбыл облысының құрамасын 5:1 есебімен жеңді. Балғындар ойын кубогымен қоса, көптеген бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ал ең басты сыйлық Италияның Милан қаласына сапарлау болмақ. Алдағы тамыз айында жас жеткіншектер әйгілі«Милан» клубын көруге барады. Сондай-ақ атақты Сан-Сиро стандионында аталған клубтың ойыншыларымен кездеспек. Естеріңізге салайық, «Арманыңа жақында» атты бұл футбол турнирі мамыр айында басталған.

Жарыста еліміздің барлық аймағынан 20 команда бақ сынасты. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы футбол турнирі "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар, келесі жылы да теңбіл доп турнирін жалғастырмақ. Ол кезде жарыс жеңімпаздары футболдың отаны - ағылшын еліне барады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде екі жақсы келісімдер басталып кетті.

Жұлдыз Омарбекова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті:

Биылғы жаңалығымыз профессионалды футболшыларды шақырып, осы жетімдер арасында Кака, Мальдины сияқты, Қазақстанның футболын биікке шарықтататын осындай футболшылар бар шығар деп, шақырып отырмыз. Олар ойынға қарап ең жақсы-жақсы ойнайтын балаларды таңдап алып, өзінің спорт мектебіне алып кетеді. Сосын айтамыз, бір баланың өмірін жақсартсақ, біз үшін үлкен жеңіс.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ