Елбасы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс
сапары барысында бірнеше өндірістік орындарды іске қосты. Сондай-ақ, аймақ
тіршілігіне тың серпін берген индустриялық жобалармен танысты.
Алдымен Өскемен техникалық жабдықтар
зауытына ат басын тіреді. Мемлекет басшысына жаңа зауытты таныстырған кәсіпорын
басшылары, энергетикалық және металлургиялық кәсіпорындарға арнап жабдықтар
шығаратын бұл нысанның Қазақстанда баламасы жоқтығын түсіндірді. Өндіріс ошағы еліміздегі «Үлбі», «Казцинк» компаниялары
және жылу энергетикалық кешендерімен қоса, Ресейге, Финляндияға құрал-жабдықтар
экспорттамақ. Зауыт жылына 2 млрд теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отыр
делінген ақпарат құралдарына таратылған баспасөз парағында. Ал, ел Президенті
өз кезегінде зауыт жұмысшыларымен тілдесіп, оларды құттықтады.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
- Ну, поздравляю еще раз. Здоровья, успехов.
Хорошей работы. Зарплата в среднем какая?
- 120 тыс.
- Ну, хорошая зарплата.
Сондай-ақ, бүгін Елбасы облыстағы спорт кластерімен
танысты. Мұнан соң жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізбек. Елбасының Шығыс
Қазақстан облысына сапары турасында толығырақ кешкі жаңалықтарымызда баяндаймыз.
Қанат ОРАЛБЕК