Ақтаулықтар бүгін шаңды
дауылдың астында қалды. Құм аралас желден жол көрінбей, автокөлік жүргізушілері
ауқымды отты қосып жүруге мәжбүр болды. Тіпті
кейде жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен желден көрші үйлерді де көру
мүмкін болмады. Қала көшелері тез қаңырап қалды, бірді екілі жүргіншілер
беттерін қалқалап әуре.
Синоптиктердің болжауынша, ертең-ақ Ақтауда күннің беті
бері қарап, аспан ашық болады. Ал бүгінгі қатты дауылдан Ақтау әуежайы
Астраханьнан Алматыға бет алған ұшақты қабылдай алмады. Олар Атыраудағы қосымша
аэродромға қонды. Қаланың байырғы тұрғындары табиғаттың мұндай тосын мінезі
жылдар бұрын болғанын еске түсірді.
Еркін ҚАРИН