Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» фракциясы мәслихаттармен қарым-қатынасты күшейте түсуге ниетті

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2014
  • 1427

«Нұр Отан» партиясының  аудан және қалалық мәслихаттар мен Мәжілістегі фракциялары өзара қарым-қатынасты күшейте түсуге ниетті. Бұл тақырып фракция төралқасының кеңейтілген отырысында талқыланды. Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек фракцияның барлық бастамалары мен  заң жобалары партиялық сайлау алды тұғырнама міндеттерін іске асыруға бағытталатынын жеткізді. Заң жобаларына енгізілген түзетулердің 90 пайызға жуығы «Нұр Отан» партиясы фракциясы тарапынан қолға алынды.

Жыл басынан бері фракция мүшесі болып табылатын  маслихат депутаттары тұрғындармен  5700 кездесу өткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, шағын орта бизнес пен индустрияландыру саласын дамытуды жүктеген. Осы тапсырмаларды орындауда «Нұр Отан» партиясының түрлі деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжілістегі фракцияларының  ынтымақтаса жұмыс істеуінің маңызы зор.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы тапсырмаларын нәтижелі орындау үшін қазіргі таңда билеуші «Нұр Отан» партиясының түрлі деңгейдегі, яғни аудандық, қалалық мәслихаттардағы, Мәжілістегі фракцияларының өзара жұмысын үйлестірудің, оған жалпыпартиялық біртұтастық сипат берудің маңызы аса зор.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА