Қарағанды облысындағы
сейсмобелсенділік пайдалы қазбалардың өндірісімен байланысты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Өңірлік сейсмология
зертханасы мен институтының төрайымы Алла Садықова осындай пікірде. Бұл туралы «ҚазТАГ» агенттігі хабарлайды.
«Қарағанды облысындағы пайдалы қазба
өндірісі, жалпы кез келген өнеркәсіптік өндіріс техногендік жер сілкіністерін
тудырады», - дейді маман. Алматының сейсмоқауіптілігі
9-10 баллға бағаланса, Орталық Қазақстанда
бұл қауіп төмендеу.
Дегенмен, 21-маусымдағыдай жер асты
дүмпулері қайталанып тұрады. Алла Садықованың айтуынша, Орталық Қазақстанда
болатын жер сілкінісін алдын ала болжауда проблема көп. Себебі, Сейсмология институтының бұл аймақта сеймологиялық
орталықтары жоқ.
Еске салайық, 21-маусымда Қарағанды
облысында күші 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. Ал облыс орталығында Рихтер шкаласы
бойынша 4 баллдық жер асты дүмпуі сезілді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ