Бостон соты Тәжіаяқовқа кінәсін
мойнындауды ұсынды. Есесіне жазаны
жеңілдетпек. Бұл туралы «РИА-Новости» хабарлады.
Тәжіаяқов күні кеше сот алдында жауап
берді. Алайда оның адвокаты соттың бұл
ұсынысын қабылдамаған. Сондай-ақ, сот Қырғызстан
азаматы Қайроллажан Матановты кепілақымен босатуға рұқсат бермеді. Ол да
лаңкестік жарылысты тергеуге кедергі келтірді деп айтыпталған.
Еске салсақ, АҚШ-тың Бостон қаласында
оқып жатқан қазақстандық екі студент Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаев былтыр
сәуірде болған жарылыс себептерін тергеуге кедергі келтірді деп айтыпталып
отыр. Кінәләрі дәлелденсе, 25
жылға сотталулары мүмкін.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ