Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Оралда белгілі кәсіпкерді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шығады

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2014
  • 1384

Бүгін кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірген қылмыстық топ бойынша сот шешімі шығады. Кеше Орал аудандық сотында атышулы іс бойынша сотталушылардың соңғы сөздері тыңдалды.

Азамат Тоғаев қайғылы оқиғаға қатысты ештеңе айталмайтынын жеткізсе, Біржанов жасаған қылмысы үшін қаза тапқан азаматтың туыстарынан кешірім сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Руслан Аминов Азамат Тоғаевтың бұдан бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталғанын ескере отырып, Виталий Каркула өліміне тікелей Тоғаев жауапты деп танып, оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Аминовтың сөзінше, тергеу барысында іске қатысты өзге екі азамат Иманқұлов пен Біржановтың айыпталуы «адам өлтіру» бабынан «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына алмастырылған. Олар 23 және 22 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Тоғаев, Иманқұлов және Біржановтан құралған қылмыстық топ кәсіпкер Виталий Каркуланың өлімі және жұбайы Валентина Каркуланың өміріне қастандық жасады және қарақшылық фактілері бойынша сотқа тартылып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ