Русский Сайттың толық нұсқасы

Бизнесті тексеруге қатысты ереже бұзушылықтар коррупциялық заң бұзушылықтармен теңестірілмек

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2014
  • 1105

Қазақстанда бизнесті тексеруге қатысты ереже бұзушылықтар коррупциялық заң бұзушылықтармен теңестірілмек. Заң жобасындағы жаңа өзгертулер қыркүйекте Парламент қарауына енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл норма негізінен бір-біріне бәсекелес кәсіпкерлер арасында қасақана тексеру ұйымдастыру секілді кейбір оқиғаларды болдырмау мақсатында ұсынылады. Бас прокурор орынбасары кей жағдайда мемлекеттік органдардың өздері де тексерулер үшін жалған өтініштер жасауға дейін баратынын жоққа шығармады. 

Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Тексеру жүргізуге қатысты ереже бұзушылықты сыбайлас жемқорлық тудыратын заң бұзушылықтар қатарына жатқызуды ұсынбақпыз. Бұл ұсыныс бүгінде Президент Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтан да мұндай норманы кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсартуға арналған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізбекпіз.

Жұрағат БАМАН