Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО инновациялық жобаларды іске асырудан көш бастап келеді

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2014
  • 1193

Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытып, геологиялық барлау жұмысына ден қою қажет. Бұл туралы бүгін Елбасы өңірдің кәсіпкерлерімен, өндіріс орындарының басшыларымен кездесу барысында айтты. Бүгінде өңір инновациялық жобаларды іске асырудан көш бастап келеді. Шығыста бас-аяғы 37 инновациялық жоба қолға алынған. Олардың дені облыстағы 4 қалада іске асуда.

Президент аймақта орта және шағын бизнесті дамыта түсу қажеттігіне тоқталды. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге биылдың өзінде бір ғана Шығыс Қазақстанға 5 миллиард теңге бөлінген екен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В целом освоение идет очень медленно, 1% от горнодобывающей отрасли РК занимает область. В этом году чтобы все было освоено.

Мемлекет басшысы жері шұрайлы Шығыста ауылшаруашылығы саласының төмен қарқынмен дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Билік өкілдерінің ауылдағы кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В 6 районах области не реализуется ни одного проекта по программе "Казагро", как это так? Я же не говорю, тут критикуют почему индустриальные программы не развиваются по районам, это невозможно развивать. А вот использовать микрокредиты, создавать малые и средние предприятия по линии "Казагро", увеличивать объем сельхозпродукции - это ваша обязанность.

Елбасы өңірдің жетістіктерін де атап өтті. "Жұмыспен қамту -2020", "Бизнестің жол картасы" сынды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда аймақ елімізде көш бастап келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Индустриализация страны - программа номер 1, 2 - это, еще раз говорю, малый и средний бизнес, без этого страна не может развиваться в условиях рынка, и если объем продукции хотя бы 55% мы будем получать за счет малого и среднего бизнеса, страна будет устойчивой. Это стабильные мобильные предприятия, и человек, который имеет собственный дом, машину и предприятие, он будет беречь стабильность страны. 

Шығыс қазақстандықтар болса, Елбасына алдағы күз мезгілінде «Азия мен Европа арасындағы алтын көпір» форумын Өскеменде өткізу туралы ұсыныс айтты.

Қанат ОРАЛБЕК