Маңғыстау облысы бойынша мектеп мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Әсіресе
математика, орыс тілі және бастауыш сынып ұстаздары саусақпен санарлық. Ал
аудандарда мектептер жетіспейді. Сондықтан кей елді мекендерде оқушылар үш
ауысымнан оқуға мәжбүр. Мұндай қорытынды оқу жылы аяқталғанда мектептердің
кадрлық мүмкіндіктеріне жасалатын жыл сайынғы мониторинг нәтижесінде белгілі
болды. Дегенмен, білікті ұстазға қарағанда, өңірдегі мектеп
тапшылығының оңай шешілетін түрі бар.
Облыстық білім басқармасындағылар алдағы
екі жылда үш ауданда тағы да білім ошақтары салынатынын айтты. Дегенмен сала
басшыларының айтуынша, жергілікті жастар алыс ауылдардағы мектептерде қызмет
етуден бас тартады. Ал өзге өңірден маман алдырту қиынның қиыны болып отыр
дейді. Өйткені көпшілік мамандарды баспана мәселесі толғандырады.
Есболат Өмірзақ, Маңғыстау облыстық білім саласын бақылау департаментінің
басшысы:
Неудобства, нехватка кабинетов, иногда на 1 кабинет 2 класса. Трехсменка
это плохо, конечно.
Зейнеп Тастемірова, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы:
Бізде педколледж бар. Барлық мамандықтарды дайындайтын, бастауыш сынып
мамандарын дайындайды ғой. Соның ішінде орыс мектептеріне баратын, пән
мұғалімдеріне баратын оқушы аз болып отыр. Осы бағытта профориентациялық
жұмыстарды көп жүргізіп жатырмыз.
Еркін ҚАРИН