Қарағандылық жоғары шенділер өз
еріктерімен жылы орынтақтарын босатып жатыр. Өңірдің бұрынғы басшысы Бауыржан
Әбдішев өз еркімен жұмыстан кеткен соң, бірқатар лауазымды шенеунік те жаппай
жұмыстан кетуді жөн көрген сынды.
Бүгін Қарағанды облысы әкімінің бірінші
орынбасары Ғабит Мұхамбетов, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов арыз
жазып, қызметтен кетті. "Сондай-ақ, өңірдің экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы Арман Ахметова да өз еркімен қызметтен кетті", - деп
хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айта өтейік, жаңадан келген өңір
басшы Нұрмұхамбет Әбдібеков алдына жеткен барлық өтінішті қанағаттандырды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА