Таиландқа жұмыс іздеп келген камбоджиялықтар елден бас сауғалап қашуда. Олардың бұндай қадамға баруына, ұзын
құлақ бойынша мигранттарға қарсы соғыс ашпақшы деген жаңа билік себепші болып
отыр. Бір ай бұрын ел билігін көтерілістен
кейін әскерилер қолға алған болатын. Өткен аптаның өзінде Таиландтан 170 мың камбоджиялық азамат еліне қайтыпты, деп
хабарлайды халықаралық миграциялық ұйым. Таиланд
билігі еңбек мигранттарының құжаттары рәсімделген болса, елден кетуге еш негіз
жоқ деп отыр.
Алайда, жұмыс іздеп келушілердің
ешқашан рұқсат құжаттары болмаған. Еңбек мигранттарының елден қуылуы Таиланд-Камбоджа
арасындағы серіктестікке теріс ықпал етуі мүмкін.
Сондай-ақ, көршілес екі ел
экономикасына да әсер етпей қоймайды. Шетел жұмыс күшіне тәуелді Таиланд
арқасында Камбоджа бүгінге дейін азаматтарының көршілес елден жіберген табысынан
пайда көріп келген.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ