Шалғай
ауылдардағы мектептерде оқушының шекті санын 81 ден 41 ге түсіру қажет. Бұл
әсіресе шекаралы аймақтардағы ауылдарға қатысты. Бір ғана Шығыс Қазақстан
облысында соңғы 5 жылда 70-ке жуық мектеп жабылып қалған. 48-і қысқартылған.
Мәжілістің жалпы отырысында
депутат Берік Дүйсенбинов Білім және ғылым министрлігіне осылай деп сауал
жолдады. Оның айтуынша, мектептердің жабылуы халықтың ауылдан үдере көшуіне
бірден бір себеп. Шығыста 1997-2011 жылдар аралығында ғана шекаралық
аудандардағы 45 елді мекен еліміздің картасынан жойылып, 20-дан астам мектеп өз
жұмысын тоқтатқан. 15 жыл ішінде Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Үржар
аудандарынан 85 мың адам көшіп кеткен. Бұл бір ғана облыстағы дерек. Қазіргі
талап бойынша мектепте бала саны 81 ден кемісе, білім ошағы жабылады.
Берік
Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол"
фракциясының мүшесі:
Жақында
баспасөзде Жапониядағы трамвай мекемесі шет ауылдан қалаға қатынайтын жалғыз
оқушы үшін трамвай бағытын екі жыл бойы жұмыс істеткені
жазылды. Шет ауылдағы бір оқушы мектебін бітіргенше, жалғыз жолаушы үшін
трамвай қатынасын тоқтатпау - Жапонияның жасампаз рухты ел екенін көрсетеді. Ал
бізде жалғыз оқушы түгіл, жүздеген мектептер жабылып жатыр.