Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай және газ министрлігі метан кеніне геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2014
  • 1210

Қазақстанда метан қоры 500 миллиард текше метрден 2 триллион текше метрді құрайды. Бұл мамандар жасаған алдын ала болжам. Алдағы екі жылда Мұнай және газ министрлігі метан кеніне геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиялық газ форумы барысында айтылды. Егер геологиялық іздестіру күтілген қор көлемін дәлелдесе, мамандар ұңғыларды бұрғылап, газ құбырларын жүргізуді бастайды.

Ақжол Оспанов, ҚР Мұнай және газ министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорынының м.а.:

Елбасы жүктеген міндеттер бойынша ЕХРО өткенге дейін, көмір қыртысын өндіру және Астананы газдандыру жобасын жүзеге асыру қажет. Өндірісті ұйымдастырып, метанды өңдеу арқылы Қазақстанда бұрын соңды шығарылмаған жаңа химиялық өнім алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалану мұнай-газ кешенінің басым бағыты саналады. Айта кету керек, мотор отыны ретінде табиғи газды қолдану әлемде жеті есеге өскен.

Базаргүл ІЗІМОВА