Русский Сайттың толық нұсқасы

Мишель Обама: Ақ үйдің келесі басшысы әйел болу керек

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2014
  • 1318

Ақ үйдің келесі басшысы әйел болу керек. Американың бірінші ханымы Мишель Обама жұмысшылар отбасы партиясы саммитінде «ABC News» тілшісінің сұрағына осылай деп жауап берді. Оның айтуынша, АҚШ-қа тәжірибесі мол басшы керек. Және оның жынысы маңызды емес дей келе, жоғары лауазымға бірнеше лайықты тұлғаның барын атап өтті. Мишель Обаманың бұл сөздері қызу пікірталас туғызды.

БАҚ бірден президенттікке лайық әйел болса, ол Хиллари Клитон деп жарыса жазды. Алайда Клинтон ханым президенттік науқанға өз кандидатурасын ұсына ма, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім. Оның өзі әлі бір шешімге келмегенін бірнеше мәрте айтқан еді. Ал Мишель Обама саясатқа араласпайтынын бұған дейін хабарлаған. Президент сайлауы Америкада 2016 жылы өтеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ