Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жас инспекторлардың халықаралық слеті өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2014
  • 1058

Өскеменде жас инспекторлардың халықаралық слеті өтіп жатыр. Байқауға Ресей, Тәжікстан және Қазақстаннан барлығы 18 команда қатысуда. Олар ең үздік жас инспектор деген атқа таласпақ. Сондай-ақ, қай өңірдің өрендері жеңіс тұғырынан көрінсе, келесі жылғы дода сол аймақта өтеді.

400-дей бала сынға түскен жарыс бір жұмаға созылмақ. Бұл байқау елімізде осымен 14 жыл қатарынан дәстүрлі түрде өтіп келеді. "Мақсат - жол көлік оқиғалары кезінде балалардың зардап шегу статистикасын азайту", - дейді ұйымдастырушалар. Өз облыстарында озық шығып, жол ережесін жатқа білуде ерекшеленген өнерлі өрендер Өскемендегі республикалық жарыста да топ жаруға барын салуда.

Байқау арасында балақайлардың демалыс базасында уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалған. Оқушылардың айтуынша, бір жағынан жарыс, бір жағынан жақсы жазғы демалыс өте қызықты өтуде.

Біз Солтүстік Қазақстаннан келдік. Байқауда жеңу үшін келдік.

Біз енді жол ережесінен 100 сұрақтан 100 балл алсақ деген ойдамыз.
 

Қанат ОРАЛБЕК