Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық спортшыларды Мемлекеттік әнұранды жатқа білуге міндеттейтін заң қабылданды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2014
  • 1121

Қазақстандық спортшылардың мемлекеттік әнұранды жатқа білуі заңмен міндеттелді. Бүгін Парламент Сенаты «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын қабылдады.

Жаңа құжат бойынша Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсететін спортшылар әнұран сөзін міндетті түрде білуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа заң Бюджеттік кодекске де өзгерістер енгізді. Оған сәйкес олимпиада және параолимпиада жеңімпаздарына өмір бойы ай сайынғы төлемақы тағайындалып, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері реттеледі.

Ұлттық спорт түрлерінің мәртебесі өсіп, олимпиадалық және өзге де спорт түрлері федерацияларының жұмысына деген талаптар заңмен нақтыланады. Жаңа құжат заң ретінде Сенатта мақұлданып, Елбасы қарауына жіберілді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ