Елімізде
қазақша күрестен халықаралық турнир өтеді. Әлемнің айтулы балуандары Шығыс
Қазақстанда білек түйістірмек. Дүбірлі додаға "Нұр Отан" партиясы
қолдау көрсеткен.
Ырғызбай Досханұлына
арналған сайысқа 20 мемлекеттен 300-ге
жуық балуан қатысады деп күтілуде. Төртінші рет ұйымдастырылған боз кілемдегі
сайыста әлем және олимпиада ойындарында сынға түскен спортшылар өнер
көрсетеді. Бұл жарыс қазақ күресінен ұйымдастырылатын халықаралық сайыстар
арасындағы жалғыз Гран-при бәсекесі.
Серік
Түкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті:
Біздің
бір қуанарлық нәрсеміз - бұл дүниежүзі бойынша бірінші турнир. Дүниежүзілік күрес
одағының күнтізбесінде тұрған. Биыл 20-ға жақын мемлекет келеді деп күтіліп
отыр. Соның ішінде дзюдо күресінен, еркін, грек-рим күресінен, самбо күресінен
күресіп жүрген ең мықты палуандарын шақырып отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ