Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде қазақша күрестен халықаралық турнир өтеді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2016
  • 2208

Елімізде қазақша күрестен халықаралық турнир өтеді. Әлемнің айтулы балуандары Шығыс Қазақстанда білек түйістірмек. Дүбірлі додаға "Нұр Отан" партиясы қолдау көрсеткен. 

Ырғызбай Досханұлына арналған сайысқа 20 мемлекеттен 300-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде. Төртінші рет ұйымдастырылған боз кілемдегі сайыста әлем және олимпиада ойындарында сынға түскен спортшылар өнер көрсетеді. Бұл жарыс қазақ күресінен ұйымдастырылатын халықаралық сайыстар арасындағы жалғыз Гран-при бәсекесі.

Серік Түкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті:

Біздің бір қуанарлық нәрсеміз - бұл дүниежүзі бойынша бірінші турнир. Дүниежүзілік күрес одағының күнтізбесінде тұрған. Биыл 20-ға жақын мемлекет келеді деп күтіліп отыр. Соның ішінде дзюдо күресінен, еркін, грек-рим күресінен, самбо күресінен күресіп жүрген ең мықты палуандарын шақырып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ