Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостонда адвокаттар алқа билерінің мұсылмандарға қатысты көзқарасын анықтауды сұрады

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2014
  • 1130

Азамат Тәжіаяқовтың қорғаушылары алқа билердің әрбірінің кандидатурасын жіті тексеруді талап етіп отыр. Ең алдымен олардың әр қайсысының мұсылмандарға деген көзқарасы анықталуы мүмкін деп хабарлайды «РИА Новости».

Сонымен қатар, сот отырысына қатысатын азаматтар Бостондағы жарылыста қаза тапқандар арасында олардың туыстары, не таныстары болды ма деген сұраққа жауап бермек. Осылайша қорғаушылар сот залына сотталушыларға қарсы адамдардың енуіне жол бермеуге тырысып жатыр. Өйткені, үкімнің шығуына олар кері әсерін тигізуі мүмкін деп алаңдайды. Бұған дейін Азамат Тәжіаяқовтың соты 24-маусымда өтеді делінген еді. Сот Қазақстан азаматын жазасын жеңілдету үшін өз кәнісін толық мойындауға көндірмек болды. Алайда айыпталушы бұл ұсыныстан бас тартты.

Еске сала кетсек, Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаев былтыр Бостонда өткен лаңкестік әрекетті тергеуге кедергі келтірді деген айыппен тұтқындалған. Жастардың кінәсі дәлелденсе, 25 жылға бас бостандықтарына айырылуы мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ