Қырғызстанның оңтүстігінде тыйым
салынған «Хизбут-Тахрир» ұйымының 5 экстремисті ұсталды. Олар халифат құруға
шақырып, халықтың арасында үгіт насихат жүргізген.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, теріс
ағымдағылар өздерінің ұйымдарына жаңа мүшелер жинаған. Қазір іріткі салушылар тергеу изоляторына
тоғытылды. Тергеу жүріп жатыр. Тінту кезінде полиция олардың үйлерінен
құжаттары жоқ қару-жарақ, шариғатқа қарсы кітаптар мен үнпарақшалар тәркілеген.
Табылған дүние сараптамаға жөнелтілді.
Жалпы, Қырғызстанда діни-экстремисстік
ұйымдарда мүше болған 500-ден астам адам тіркеуде тұр. Олар
полиция бақылауында.
Айгүл ӘДЕПБАЙ