Бүгін Сочиде ҚР Премьер-министрі Кәрім
Мәсімов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездеседі. Бұл туралы Ресей
үкіметі басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты
сауда-экономикалық ынтымақтастық және еуразиялық ықпалдастық мәселелері
талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар,
Сочидегі екі жақты кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты
қалыптастастыру жайы да сөз болмақ.