Русский Сайттың толық нұсқасы

«Уимблдон» турнирінің бас жүлдесінен дәмелі Энди Маррей үшінші кезеңге шықты

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2014
  • 1295

«Уимблдон» турнирінің бас жүлдесінен дәмелі Энди Маррей үшінші кезеңге шықты. Дәрежелі жарыстың екінші айналымында ұлыбританиялық Словения спортшысы Блаж Роламен ракетка түйістірді. Кездесу басынан қарсыласының бас көтеруіне мүмкіндік бермеген алаң иесі қатарынан үш сетте жеңіске жетті.



Ал «Ролан Гарос» турнирінде жасындай жарқыраған латвиялық Эрнест Гулбис екінші айналымнан аса алмады. Бұл Балтық жағалауының теннисшісі украиналық Сергей Стаховскийге жол беріп қойды. Әйелдер жарысында екі бірдей қазақстандық спортшы жарысты жалғастыруда. Ярослава Шведова эстониялық Кайя Канепимен сынға түсетін болса, Зарина Дияс испаниялық Карла Суарес Наварромен ракетка түйістіреді. Өз кезегінде АҚШ спортшысы Винус Уильямс пен Польша теннисшісі Агнешка Радванска қарсыластарының алдын орап кетті.

Самат ҚАНАҒАТОВ