Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда тауықтың жұмыртқасы көлемінде бұршақ жауды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2014
  • 1477

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды. Небары жарты сағатта табиғат тосын мінез танытып, елді мекендегі бау-бақшаны жайпап өтіп, үйлердің шатырын қиратты. Баспана маңайындағы автокөліктердің де сау-тамтығы қалмаған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Ал, ауа райын болжаушылар бұл күні жауын-шашын болатынын алдын ала білгенімен, мұндай көлемде бұршақ жауатынын білмепті. Бұл туралы «ҚазГидромет» кәсіпорнының БҚОФ-ның аға синоптигі Жанна Сатыбалдиева мәлімдеді.

Дегенмен, тосын жағдайдан кейін ауылдықтар төтенше жағдайлар қызметіне хабар берген. Осыдан кейін арнайы құрылған комиссия бұршақтың зардабы тиген Бөрлі ауданындағы Березовка ауылын аралап, бүлінген дүние-мүлік пен жапа шеккен отбасылардың есебін алуға кіріскен. Бұл комиссия келген шығын мөлшерін де анықтайтын болады. Осыдан кейін жасақталған тізім төтенше жағдайлар қызметіне беріледі. Бір жұбантарлығы, бұршақ осы аудандағы шаруа қожалықтарының егістік жерлеріне тимеген екен.

Еркін ҚАРИН