Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей тұңғыш экологиялық таза ракетаны ұшырмақ

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2014
  • 1342

Ресей тұңғыш рет экологиялық таза зымыранды ғарышқа ұшырмақ. Жоспар бойынша, 27 маусымда Плесецк ғарыш айлағынан соңғы үлгідегі «Ангара» зымыраны ғарыш кеңістігіне аттанады деп, «Россия-24» телеарнасы хабарлады.

Зымыранға орнатылған РД-191 қозғалтқышы улы гептилмен емес, оттегі мен керосин негізінде жұмыс істейді. Демек, «Протоннан» әлдеқайда қауіпсіз. Ғарыш айлағы маңындағы аумақтарға экологиялық қауіп төнбейді. «Роскомос»-тың өкілі «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында соңғы үлгідегі «Ангара» зымыранының іске қосылуы Ресейге өз аймағынан ғарышқа кез келген жер серіктерін шығаруға мүмкіндік туғызады.

Бастапқы кезеңде «Ангара» зымырандары Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылады. Ал, болашақта Сібірдегі «Восточный» ғарыш айлағынан ұшыру көзделген. 2017 жылы экипажбен басқарылатын «Ангара» ғарыш кемесін аттандыру жоспарланып отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ