Еуропа экономикасы тағы шатқаяқтап тұр. Францияда бюджеттің төлем қабілеті
тапшылыққа ұшырады. Сарапшылар бұл тауар жетіспеушілігінен туындап отыр дейді.
Ол 800 миллионға өсіп, 3 миллиард еуродан асып кеткен. Жуырда Еурокомиссия
бюджет тапшылығына байланысты аймақтағы екінші экономика болып есептелетін
Францияның 2015 жылға дейін белгіленген даму межесіне жетпейтінін болжаған.
Ал
Испания мемлекетке табыс түсіру жолдарын шұғыл қарастыруы керек. Халықаралық
валюта қорындағылар өткен айда салық түсімдерінің азайып кеткенін айтады. Қор
тығырықтан шығу жолдарын ұсынуда. Оның ішінде қосымша салықтарды арттыру да
бар. Бірақ үкімет мұны орындауға батпай отыр. Жұмыссыздықтан, мемлекеттік және
жеке қарыздардың артуынан қауіптенеді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ