Елбасы Қазақстанның барша мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Мемлекет басшысы бүгін Астанадағы Қабанбай батыр
даңғылы бойында
орналасқан жаңа мешітте зиярат етті.
Айта кетейік,
«Пригородный» тұрғын алабында Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешіт - елордадағы сегізінші мешіт. Оның жалпы аумағы сегіз гектар жерді алып жатыр. Мешіт ғимараты барлығы 1500 адамға лайықталған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт,
береке-бірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау, күнәларынан арылу
және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді
тілеймін.
Жұрағат БАМАН