Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Астанада «Нұр сұңқар» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2014
  • 2582

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Астанада «Нұр сұңқар» байқауы өтті. Сайысты «төртінші билік» өкілдерінің мәртебесін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған. Медиа-додада ақпарат майданындағы маңдай алды мамандар марапатталды. Жүлде қоры да қомақты. Миллиондар кімге бұйырды? Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Журналистер қауымының еңбегі еленетін мереке таяп қалды. Өткен жылы ол ресми түрде 28 маусым болып белгіленген. Бірнеше жылдан бері «Нұр сұңқар» байқауы да дәстүрлі түрде өткізіліп жүр. Бүгінде бұл шараны кішігірім «Оскарға» теңгеуге болтындай. Қызыл кілем, тотыдай таранған телеэкран тарландары, жеңімпаздарға арнайы құйылған алтындай жарқыраған мүсін тапсырылады. Байқап тұрғанымыздай жүлденің жылдан жылға сән-салтанаты артып келеді. Кештің ең қызықты және шешуші сәті ол санаулы минуттардан кейін жеті журналистің миллионер атанатыны.

«АстанаМюзикХол» ел арасында «құмыра» аталып кеткен сәулеті ерекше ғимаратқа отандық журналистиканың «қаймақтары» жиналып жатыр. Патша көңіл көрерменге көбінің жүзі таныс. «Нұр отандық» бомонд та осында. Жүлдегерлерге қомақты сый-сияпатты өз қолдарымен табыс етпекші. Мереке иелерінің құрметіне Маржан Арапбаеваға да белгілі әнін құбылтып айтуға мәжбүр. 

Жиналғандар алдымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтауына құлақ түрді.

Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Сіздердің қолдауларыңызбен біз жалпы халыққа осы жұмыстарымызды жеткіздік. Халықты елдікке, бірлікке, келісімге жұмылдырып шақырамыз. Елбасы айтқандай, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін халықтың сана-сезімі өзгеру керек. Біз өз күшімізге сеніп, бәріміз кім қайда болса да, журналист болсын, қарапайым жұмыскер болсын, өз жұмысымызды сапалы түрде жасауымыз керек.

"Нұр сұңқарға" биыл бес жыл. Жүлде жеті аталым бойынша тағайындалған. Атап айтсақ : «Ерекше пікір - ең үздік телевизиялық журналист», «Сөз шебер - ең үздік баспасөз журналисі», «Аймақ айнасы - ең үздік өңірлік тілші», «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі», «Партия қызметі туралы ең үздік материал»,«Көзқарас - ең үздік блогер» және «Медиа-профи - ең үздік ақпараттық агенттік журналисі» марапатталады. Үміткерлердің бәрі дерлік лайықты десек те, үштің бірі таңдалады.

Аталмыш номинация үміткерлері! 1. «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Бағдарламалар өндірісі» Шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Жанар Байсемізова! 2.Ведущая итогово-аналитической программы «Другими словами» «7 телеканала» Майя Бекбаева! 3. Журналист 31 телеканала - Мақпал Қаратайқызы!

«Нұр Сұңқар» байқауы жылдан жылға түрленіп келеді. Мәселен, қоғамдық пікірдің қозғаушы күшіне айналған интернет-журналистика былтыр қатарға тыңнан қосылды. Сөйтіп, ең үздік блогерге «Көзқарас» жүлдесі тағайындалды. 

Жұмыс істегің келсе, компьютерді қоса саласың, отырдың, жаздың. Керісінше болса, теледидардың алдына жата қалуға болады. 

«Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі» үшін «Қазақстан» Ұлттық арнасының басшысы Нұржан Мұхамеджанова марапатталды. Өзі алтыншы сыныптан бастап журналист болуды армандаған. "Қазақ радиосына" үзбей хат жазып, ақыры осы салаға тап болғанын айтады. Еңбек жолындағы жетістікті жүлдегерлердің көбі отбасындағы жақындарының қолдауымен байланыстырды.

Осы еңбегімнің осындай дәрежеге жетуіне, білесіздер, үйдегі жақындарымыз көп жағдайда қолдау көрсетеді. Осы сахнада тұрып қызыма рахмет айтқым келеді.

Нұротандықтар жеті аталымды - қасиетті жеті санына орайластырып таңдаған. Бір айта кетерлігі, партия қызметін насихаттау бір ғана аталымға арқау болды. Қалғаны, сан-салада қалам тербеп жүрген журналистерге теңдей бөлінді. Партияның он бес жылдығына арналған жүлдені Бауыржан Байбектің өзі тапсырды.

Хочу поздравить Ольгу Цой.

Айта кетейік, "Нұр сұңқар" республикалық байқауының толық нұсқасы 28 маусымда кешкі сағат 21.20-да «Астана» арнасында көрсетіледі.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ