Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күні қарсаңында «Astana Ballet» театры «Әлем» атты жаңа балетті тарту етті

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2014
  • 1183

Бүгін бас қала тұрғындары Бейбітшілік және Келісім сарайында «Astana Ballet» театры артистерінің орындауындағы «Әлем» атты бірактілі жаңа балетті тамашалады. Бұл - театр ұжымының Астана күні қарсаңындағы тұрғындарға тартуы.
+ ШУМ }

«Astana Ballet» - ұлттық және заманауи билерді, классикалық дәстүр мен жаңаша бағыттарды ұштастырып жүрген ұжым. Бүгінгі қойылым әлем мен жанның пайда болуы туралы. Танымал хореограф Никита Дмитриевский әсерлі әуен мен түрлі-түсті жарықты, бишілердің тылсым қимылы мен 3D форматындағы бейнематериалдарды пайдаланған.

Сондай-ақ, балетте Болат Гафаровтың арнайы жазған музыкасы мен француз композиторы Арман Амардың сыршыл әуендері қолданылды. Бірактілі «Әлем» балеті - қазақстандық балет өнеріндегі жаңаша құбылыс деуге болады. Бұл жанның пайда болуы, жарық пен түнек арасындағы майданды көрсететін ерекше сұлу әрі әсерлі шығарма. Мұнда әдеттегідей дәстүрлі сюжет жоқ, әр қимылда өзіндік ой бар. Бұл - жамандық қарамен, жақсылық ақпен берілетін дәстүрлі классикалық спектакль емес. Жаңа дәуірдің эстетикасына сай келетін 21 ғасырдың балеті - хореографтар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ