Русский Сайттың толық нұсқасы

200-дей қазақстандық Түркиядан отанға келе алмай отыр

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1397

Мәжбүрлі демалыс. Қазақстаннан Түркияға демалысқа барған 242 адам елге орала алмай отыр. Қазақстандық туристердің ұшағы екі күннен бері ұшпай тұр. Осы себепті, Алматы, Қостанай және Ақтөбеден демалысқа барғандар амалсыздан демалыстарын жалғастыруға мәжбүр.

Атышулы «Гүлнәр тур» саяхат компаниясының заңгері Ирина Самойлованың айтуынша, бұл жағдай, Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің Jet Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтарды бағытқа қоюдан бас тартуы салдарынан туындап отыр. Қазір ұшақтарды ауыстыру амалдары қарастырылып жатыр, бірақ сәтсіз. Сондықтан, қазақстандықтарды Түркиядан әкету мәселесі өткір тұр. Туристік компания борты бос ұшақтарға мүмкіндігінше қазақстандықтарды отырғызып жіберуге мәжбүр болуда.

Айта өтейік, аталмыш компания қызметін пайдаланған туристер бұған дейін де еліміздің бірнеше облыстарынан Түркияға ұша алмай әуре-сарсанға түскен еді. Тынығуды жоспарлағандар әуежайда отырып, рейсті күтуге мәжбүр болған. Ал ашуланған кейбір турист демалыстан бас тартып, жолдамаларын кері қайтарған болатын.

Илхам ИБРАГИМ