Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада аты аңызға айналған "Ла Скала" театрының гастрольдік сапары өтеді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2014
  • 1487

Астанада аты аңызға айналған "Ла Скала" театрының гастрольдік сапары өтеді. Әлемге әйгілі ұжым Рудольф Нуриевтің "Дон Кихот" балетін сахналайды. Қойылымды бар сән-салтанатымен көрерменге ұсыну үшін Қазақстанға 100-ден аса адам келді. Қазақ жеріне алғаш рет ат басын тіреген миландық театр сапарының ерекшелігі бұл ғана емес.

"Ла Скаланың" директоры Мария ди Фреда мен әлемдегі ең көне "Сан Карло" театрының директоры "Астана Опера" театрымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. "Ла Скала" театрының алғашқы гастролі 100 жылдан аса уақыт бұрын Парижде өткен болатын. Бүгінге дейін театр гастрольдік сапармен әлемнің 38 елінде болды. Қазақстан танымал топтың өз өнерін көрсету үшін табан тіреп тұрған 39-мемлекет.

Соңғы кездері "Ла Скала" гастрольдік сапармен Ресей мен Жапонияда жиі болып жүр. Ынтымақтастық меморандумына қол қойған "Астана Опера" театры танымал ұжыммен бірлескен жобалар жасап, алма-кезек гастрольдер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Мария ди Фреда, «TEATRO ALLA SCALA» директоры:

Осы жылдың қаңтар айында "Астана Опера" сахнасында "Ла Скаланың" "Аида" қойылымы көрсетіледі. Режиссері - Франко Дзеферелли. "Астана Опера" "Ла Скала" академиясымен бірлескен тағы бір халықаралық жоба шығарады. Онда артистер, техникалық және басқа да мамандар оқытылатын болады. Біздің болашақ жобаларымыз бен қарым-қатынас тек дами беретініне сенімдімін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ