Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2014
  • 1217

Қазақстан аймақтарында шілденің басында шіліңгір ыстық болмайды. Ауа температурасы бірден +5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бүгін еліміздің басым бөлігінде термометр көрсеткіші түсіп, жел соғады. Кей жерлерде қатты бұршақ жаууы ықтимал.

«ҚазГидромет»-тің хабарлауынша, 1-2 шілде күндері Ақмола облысында, 2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында, 2-3 шілде күндері Павлодар облысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 8-13, жекелеген жерлерде +5 градусқа дейін төмендеп кетеді. Ал күндіз +12 градусқа дейін төмендейді. Дәл осындай жағдай Қостанай, Қарағанды облыстарында да болады. Мұнда да ауа температурасы түнде күрт төмендеп, +5 градус шамасында сақталады.

Илхам ИБРАГИМ